Білім министрі: Қазақстанда 22 мыңнан аса ғалым бар

Қысқаша

Білім министрі: Қазақстанда 22 мыңнан аса ғалым бар

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде 22 мыңнан аса ғалым бар екенін айтты.

Screenshot_1.jpg

"Елімізде 22 655 ғылыми кадр бар. Оның 36%-ы 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, 39%-ы 35-54 жастағылар. Яғни айтарлықтай ғылыми әлеует бар. Бірақ ғалымдардың жалпы санын еліміздің 1 млн халқына шаққанда тек бір мыңнан астам ғана ғалым келеді. Бұл өз кезегінде қаржыландыруға да байланысты. Әлемдік тәжірибеде ғылымды қаржыландыру кем дегенде жалпы-ішкі өнімнің 1% көлемінде болу қажеттілігі айтылады. Сондай-ақ оның басым бөлігі жеке инвестициялардан қалыптасуы тиіс", - деп баяндады БҒМ басшысы.