«Сократ түні» қойылымы сахналанды

Қысқаша

Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың шығармашылынан туған дүниенің режиссері еліміздің мәдениет қайраткері Қуандық Қасымов. Айтып өту керек, аталған қойылым тарихи шындыққа негізделген.

Screenshot_17.png

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай шымкенттегі орыс драмма театрында «Сократ түні» қойылымының премерасы өтті.

Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың шығармашылынан туған дүниенің режиссері еліміздің мәдениет қайраткері Қуандық Қасымов. Айтып өту керек, аталған қойылым тарихи шындыққа негізделген. Онда тек Қазақстандағы мәселелер емес әлемдік деңгейдегі дүниелерде қозғалады. Сонымен қатар еліміздің ежелден келе жатқан сал-серілік дәстүрлері де қамтылған. Ауқымы кең қойылым бұған дейін қазақ тілінде еліміздегі біршама театрларда сахналанған болатын. Енді орыс тілді көрермендер үшін арнайы қойылуда.

"Көп жұмыс істедік. Өйткені бұл күрделі қойылым. Себебі мұның тарихи, көркемдік, музыкалық ерекшеліктерге толы шығарма. Соншама күрделі болғанына қарамай біз мұны сахналай алдық. Енді көрермендерге де қызықты болады деп ойлаймын. Театр - бұл аура,  шабыт  ойлану, көрсету, түсіну, артық бағалау. Театр еркін ойлауға ерік беретін орын. Саф  өнер арқылы түрлі тағдырларды бейнелеу нағыз шебердің қолынан ғана келеді",- дейді Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий. 



    A+
Уақыты: 2021-12-01  Айдарша: Өңір
TAG: