Өрт - тілсіз жау.

Қысқаша

Өрт – аса қатерлі жау. Сон­дық­тан да, бұған бей-жай қарауға болмай­ды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі.

3.jpg Өрт – аса қатерлі жау. Сон­дық­тан да, бұған бей-жай қарауға болмай­ды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Сондықтан, қай кезде де тілсіз жауға тос­қау­ыл қажет. Күннің күрт ысуына байланысты табиғи өрттердің орын алу қаупі арта түседі. Аптапта ыстық пен қуаңшылық кезңінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. өрттердің көбі орман қорына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы ұйымдарына тиесілі шабындықтарда өсімдік қалдықтарын жағу салдарына болады. Сондай-ақ, табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да орын толмас оқиғаларға ұрындырады.

  Өрттің де, судың да ар­тында адамның тағдыры тұр.  Әсіресе жаз мезгілінде дала ыстықтан күннен-күнге күйіп барады. Қуаңшылық орын алған жерде өрттің өршитіні бесенеден белгілі. Шөптердің жануына  далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойында автокөліктерден лақтырып кеткен өшірілмеген темекі тұқылдары, найзағай, шөп ору жұмыстарына қатыстырылатын тракторлар мен агрегаттардың жарамды шоқ өшіргішпен жабдықталмауы себеп болуы ықтимал.

 Қас-қағым сәтте қалың орманның өзін күлге айналдырып жіберетін өрт­пен, жазым болса тұңғиығына тар­тып кететін судың да адам үшін қаупі басым.
«Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі» ережесіне сәйкес, жас ағаштар, кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған кеспе ағаштар, шөбі қурап қалған жерлер маңайында  от жағуға тыйым салынады. Орманды өрттен қорғау - әрбір адамның міндеті.