«Orda ертегілері» кітабының тұсауы кесілді

Қысқаша

Алдағы уақытта бүлдіршіндерімізге OrdaGen-нің танымды дүниелерін ұсынып, ұлт үшін қызмет ете береміз. OrdaGen – 30-ға аяқ басқан азаматтардың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған сыйлығы,дейді ұйымдастырушылар.

Screenshot_15.png

Шымкент қаласындағы «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Orda ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті. Жобаның басты мақсаты – ұлттық және адамзатқа ортақ биік құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдеп, аңыздар мен ертегілер арқылы болашақ ұрпақтың санасына сіңіру.

Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Үш түрлі тақырыпта қысқаметрлі мультфильм түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берген. Айтулы жоба енді Шымкенттік тұрғындарғада қолжетімді.

Жаңа оқу жылының қарсаңында “OrdaGen” компаниясының қолдауымен ELTANU экспедициясы өз сапарын бастаған. Экспедиция мақсаты – Қазақстанның әр өңірін, шалғайдағы ауыл-аймақтарды аралап, кітапсүйер балаларға сый үлестіру. Бала болашағына азық болар танымдық, рухани қолдау мен тұлғалық даму тренингтерін өткізу.

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың  2021 жылды «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялауы балалар аудиториясына баса назар аударуымыз қажет екенін білдіреді. Президент жарлығын негізге ала отырып, BuginHolding қолдауымен OrdaJoly білім экспедициясы Қазақстанның әр өңірін аралап, көзінде оты бар өрендерге OrdaGen жобасының алғашқы ертегі кітаптарын үлестірді. -  деді Ordagen жобасының директоры Парасат Танен.

Алдағы уақытта бүлдіршіндерімізге OrdaGen-нің танымды дүниелерін ұсынып, ұлт үшін қызмет ете береміз. OrdaGen – 30-ға аяқ басқан азаматтардың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған сыйлығы,дейді ұйымдастырушылар.


    A+
Уақыты: 2021-12-03  Айдарша: Өңір
TAG: