Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымынан босатылды.
