Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру маңызды

Қысқаша

Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру маңызды

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын өткізе бастады. Осы іс-шара аясында тәртіп сақшылары мегаполистегі бірнеше мектепте болып, оқушылармен кездесу өткізді. 

image.png

Мысалы, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласындағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияда полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Іс-шараға шамамен 100 оқушы қатысты. Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Полицейлер жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік ережелері мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы айтып, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік жөнінде түсіндірді. 

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында дәл осындай тағы бір кездесу шаһардағы Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Кездесу барысында оқушылармен киберқылмыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік, есірткі қолданудың қауіптері, зорлық-зомбылық пен буллингтің салдары, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау тәсілдері талқыланды. Бұл ретте мамандар оқушыларға мектептегі әлімжеттік туралы айтып берді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, мектептегі зомбылық қай уақытта болмасын кездесетін үлкен мәселелердің бірі. Кейбір оқушылар қасындағы адамдарды кемсітіп, күліп, олар жайлы қауесет әңгімелер таратып, өздерінің зомбылыққа атсалысып жатқандарын байқамай қалулары да мүмкін.  Буллинг – дегеніміз, психологиялық қысым көрсету, ұрып соғу, бір адамның немесе топтың зорлық көрсетуі. Мысқылдау мен намысқа тиетін қалжындау әсері жағынан төмен болғандықтан, моббинг деп аталады. Негізгі белгілері: жәбірленуші мен жәбір көрсетуші арасындағы күштердің тең келмеуі; қысым мен зомбылықтың қайталануы; жәбірленуші көңіл күйіне келтіретін әсері. Сыныптастар тарапынан намысқа тиетін сөздерді айту, жала жабу мен ақша талап ету әлеуметтік жағынан тәртібі әлсіз қоғамда кездесетін жағдайлар. Қолдау мен түсініспеушілікке зәру балалар, адамның қадір қасиетіне мән берілмейтін ортада буллинг жиі кездеседі.  Буллинг зардабына кез келген оқушы, әсіресе, өзгеше киінетін, не болмаса киім үлгісіне мән бермей, алақ-жұлақ жүретін оқушылар, толық келген немесе тым арық оқушылар ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар өте сезімтал, ұстаздардың қолдауына ие, үлкендердің сөздерін сөйлейтін оқушылар да буллингтен жәбір көрулері мүмкін. Сыныпқа жаңа келген оқушылар да болады олардың арасында.

Психолог мамандардың айтуынша, буллерлер көбінесе «жоқ» деген жауапты қабылдауды үйренбеген, ешнәрседен тыйым көрмей өскен, ата аналарының сөзіне құлақ аспай өскен  балалар болуы мүмкін. Үлкендер тарапынан қолдауды аса қажет ететін оқушылар. Бұл оқушылар барлық назардың тек өздерінде болғанын қалайды. Олардың өздеріне деген сенімдері төмен болғандықтан, басқа оқушыларды мәжбүрлеу арқылы өзіне деген сенімді көтеру, қысым көрсету арқылы өзгелерге дәлелдеуді көздейді. Бұл оқушылар қоршаған ортадағы адамдардан сүйіспеншілікті қажетсінеді. «Егер мәселе орын алған жағдайдағы әрекеттеріңіз: жағдай өзінен өзі аяқталады деп жүре беруге болмайды, бірден мәселені анықтап, тыйым салып, мәселенің мән-жайын анықтау қажет; үнсіз қалмаңыз, басқа оқушыларды, ата-аналарды, тьюторларды, әкімшілікті құлағдар етіп, мәселені шешу бойынша жоспар құрыңыз. Топ мүшелерінен олардың қалдарын сұрап отыру, неге қол жеткізе алдыңыздар, қандай қиыншылықтар бар және сіздің тарапыңыздан қандай көмекке зәру, осы іспеттес сұрақтарды қою қажет» дейді осы кездесуде сөз алған бала тәрбиесіне жауапты мамандар. Сондай-ақ оқушылармен жүздесуде спикерлер тәжірибеде кездескен мысалдарды келтіріп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер құқық бұзушылықтың ерте алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Бұдан бөлек Шымкент қаласында департамент қызметкерлері №148 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілік жөнінде түсінік қалыптастыру және интернет кеңістігінде, сондай-ақ күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін нығайту болып табылады. Кездесуге 8–11 сынып оқушылары қатысты. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор жасөспірімдерге құқық бұзушылық түрлері мен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жасы туралы айтып берді. Ашық диалог форматында өткен сабақта оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты. Сонымен қатар, тәртіп сақшысы интернет қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер желідегі алаяқтықтың кең тараған түрлері мен қорғану тәсілдерін түсіндіріп, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Кездесу барысында оқушылар өз туыстары тап болған интернет-алаяқтық оқиғалары туралы айтып, пікірталасқа белсенді қатысты. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жеке қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Жүздесу барысында есірткі мен оның зияндығы туралы да әңгіме қозғалды. Бұл ретте тәртіп сақшыларының айтуынша, кез келген дәрі¬ ¬бұл бүкіл денені бұзатын ең күшті улануға әкеп соқтыруы мүмкін. Наркология орталығы мамандарының пайымынша, есірткінің зақымдануы қайтымсыз. Есірткі, ең алдымен, жүйке жүйесі мен миға әсер етеді. Есірткі заттарының әсерінен адамның интеллектуалдық қабілеті төмендейді. Препараттың әсерінен мидағы өзгерістерді шизофрениямен салыстыруға болады. Есірткі заттар бауырды бұзады. Ол қанға түсетін заттарды залалсыздандыруға тырысып, негізгі соққыны алады. Бауыр жасушалары удың шабуылына төтеп бере алмай өледі. Жүрек қатты зардап шегеді. Жүрек бұлшықеті тозу үшін жұмыс істейді. Есірткі қабылдаған кезде жүрек бұлшықетінің дистрофиясы дамиды. Адам жүктеме кезінде тезірек тұншығып қалады, қозғалыстар оған үлкен қиындықпен беріледі. Дененің басқа жүйелері де зардап шегеді. Иммунитет әлсірейді, бұл жиі суық тиюге және бүйрек ауруларына әкеледі. Ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылады. Қоректік заттарды сіңіру процесі жеткіліксіз, бауырда ақуыз өндірілуін тоқтатады.

Иә, соңғы кездері елімізде синтетикалық есірткімен айналысатын қылмыскерлер жиі ұсталады. Бұрын полиция ақпарынан апиын, героин, гашиш пен марихуана туралы ғана білсек, қазір «меф», «мяу», «соль», «кристалл» деген есірткі түрлерін естіп жүрміз. «Синтетика» өсімдік шикізатынсыз арнайы лабораторияларда оңай әрі тез дайындалады. Тек химияны білу және дәріхананың кәдімгі дәрі-дәрмектері қажет. Қазіргі есірткі сатушыларға техникалық прогресс интернетке шығуға мүмкіндік берді. Яғни «инстаграм», «вконтакте», «уатсап», «телеграмм» желілерін пайдаланады. Әсіресе «телеграм» желісін қолданады. Мұнда олар өздерін қадағалау мүмкін емес деп ойлайды. Алайда полицейлер ол адамның құпиясын телефон нөмірі арқылы анықтап ала алады. Себебі  iOS немесе Android платформаларының базасында жұмыс істейтін телефондарда барлық ақпарат сақталып қалады. Тіпті аудио, видеофайлдар мен телефон браузеріндегі Google немесе Yandex сынды ақпараттық жүйелердің іздеу жолағында жасаған барлық іс-әрекеттері iOS немесе Android платформаларының тарихында сақталады.

Сонымен бірге тәртіп сақшылары оқушыларға киберқылмыс туралы да түсіндіріп берді. Бүгінгі таңда халықты толғандыратын мәселелердің бірі –  интернет-алаяқтық. Ол бүкіл әлемде, соның ішінде ең технологиялық дамыған мемлекеттерде де кең таралған. Азаматтарға кредиттер мен қарыздарды ресімдеуге, сондай-ақ олардың банктік жинақтарын ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтың көпшілігін «шетелдік қылмыскерлер» жасайды. Олар жақын және алыс шетелдерде тұрақты орналасқан "Call-орталықтар" қағидаты бойынша жұмыс істейтін трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кіреді.

Киберқылмыс-бұл виртуалды кеңістіктегі қылмыс. Виртуалды кеңістікті немесе киберкеңістікті компьютердің көмегімен модельдендірілген ақпараттық кеңістік ретінде анықтауға болады, онда математикалық, символдық немесе кез келген басқа түрде ұсынылған және жергілікті және ғаламдық компьютерлік желілер арқылы қозғалу процесінде болатын адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы ақпарат болады. Немесе кез келген нақты немесе виртуалды құрылғының, сондай-ақ басқа медианың жадында сақталған ақпарат. «Киберқылмыс» термині компьютерлік жүйе немесе желі арқылы компьютерлік жүйеге немесе желіге қарсы жасалуы мүмкін кез келген қылмысты қамтиды. Бұл компьютерлердің, компьютерлік бағдарламалардың, компьютерлік желілердің жұмысына заңсыз араласу, компьютерлік деректердің рұқсатсыз модификациясы, сондай-ақ компьютерлер, компьютерлік желілер мен бағдарламалар арқылы немесе олардың көмегімен жасалған басқа да заңсыз әлеуметтік қауіпті әрекеттер.

Осылайша қазіргі цифрлық дәуірде технологиялардың қарқынды дамуы Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктермен қатар, киберқылмыс түріндегі жаңа қауіп-қатерлерді де туындатып отыр. Киберқылмыс – бұл ақпараттық жүйелерге, дербес мәліметтерге, мемлекеттік және жекеменшік инфрақұрылымдарға жасалатын қасақана заңсыз әрекеттердің жиынтығы. Осындай қауіптерге қарсы тұру және оларды болдырмау еліміздің ұлттық қауіпсіздік стратегиясының маңызды бөлігіне айналған. Киберқылмыстың алдын алу кешенді шараларды талап етеді. Елімізде бұл мәселені шешу үшін заңнамалық негіздерді жетілдіру, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту және халықаралық деңгейде тығыз ынтымақтасу маңызды. Киберқылмысқа қарсы күресте профилактикалық шаралар мен жүйелі криминологиялық болжау қауіп-қатерлердің алдын алуға және қылмыс көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Киберқылмыспен күресушілердің ¬айтуынша, онлайн сауда – киберқылмыс¬тың ең қызған алаңы. Сауда-саттықтың та¬ралған әдісі де кең және көбіне бірін-бірі қай¬таламайды. Тағы бір айта кетерлігі банктер мен микрокредиттік ұйымдарда жал¬ған онлайн несиелерді тіркеу фактілері де азаймай отыр. Мұндай деректердің дені түрлі жобаларға – инвестиция, бәс тігу, ойын¬ға және тағы да басқа ақшаны тиімді инвес¬тициялау деген желеумен жасалған.

Полиция қызметкерлері кездесулерде жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік ережелері мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы айтып, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік жөнінде түсіндірді. Кездесу соңында оқушылар мен мұғалімдер ұйымдастырушыларға пайдалы әрі маңызды сабақ өткізгені үшін алғыс білдірді.

Ә.АБДРАХМАН