Қазіргі заманда құқықтық мәдениет пен азаматтардың құқықтық сауаттылығы қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты көрсеткіштерінің бірі. Еліміздің мемлекеттік саясатында құқықтық білім мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілуде.

Бұл бағытта құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері бірлесіп, жастардың құқықтық білімін арттыруға, олардың күнделікті өмірінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.
Осы мақсатта Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастамасымен жоғары педагогикалық колледждің студенттеріне арналған қауіпсіздік сабағы өткізілді. Бұл шара жастарды құқықтық біліммен ғана емес, заманауи қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдарымен таныстырып, өзекті мәселелерді ашық және түсінікті тілде түсіндіруге арналған еді. Полиция қызметкерлері өткізген сабақ барысында студенттерге интернет алаяқтықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, буллингтің зияны мен оның алдын алу тәсілдері туралы кеңінен ақпарат берілді. Бұл мәселелер қазіргі таңда жастардың күнделікті өмірінде жиі кездесетін әрі қоғамның назарында тұрған өзекті тақырыптар болып табылады. Сабақ форматы еркін, интерактивті түрде ұйымдастырылып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мұндай формат жастардың құқықтық мәдениетін арттыруда, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуда тиімді тәсіл екенін көрсетті.
Полицияның ресми өкілі, тәжірибелі қызметкер Мұрат Қанатұлының сөзіне жүгінсек, қазіргі заманда құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру – мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ол өзінің сөзінде құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына, азаматтардың қауіпсіздік ережелерін сақтауға ынтасын арттыруға ерекше тоқталды: «Құрметті студенттер, қазіргі қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру баршамыздың ортақ міндетіміз. Полиция қызметі тек құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізіп қана қоймай, халықпен ашық және сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Құқықтық сауаттылықтың төмендігі жиі құқық бұзушылықтың себебі болады. Сондықтан біз осындай кездесулер арқылы сіздерге өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Әсіресе, интернеттегі алаяқтықтан сақтану өте маңызды. Әлемнің дамуы цифрлы технологияларға негізделген бүгінгі күні алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болды. Сіздер бұл жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білулеріңіз керек. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін сақтау сіздердің өздеріңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтайтын басты факторлардың бірі екенін ұмытпаңыздар. Буллинг мәселесі де аса өзекті. Бұл адамгершілік пен құқыққа қайшы келетін құбылыс, оны жоюға баршаңыздың бірлесе әрекет етуіңіз қажет. Құқықтық мәдениетті арттыру сіздердің болашақтарыңыздың берік негізі. Жаасыратыны жоқ, бәріміз смартфон қолданамыз. Қазіргі таңда алаяқтардың алдауына түсіп жатқандар да сол смартфоннан жеке мәліметтерін жіберу арқылы құрыққа түсіп қалып жатыр. Сондықтан жеке мәліметтеріңізді ешкімге жібермеу керектігін ескертеміз. Егер алаяқ деп күмәндансаңыздар дереу 102 нөміріне хабар берулеріңізді сұранамыз. Біз осылайша қылмыспен бірге күресеміз», – деді Мұрат Қанатұлы.
Оның сөзінше, қазіргі қоғамда полиция қызметкерлері мен азаматтардың арасындағы байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып келеді. Әсіресе, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру тәртіп пен заңдылықты сақтаудың кепілі болып табылады. Қоғамның құқықтық сауаттылығы артқан сайын, құқық бұзушылықтар азаяды және бұл құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан полиция мен білім беру мекемелері осындай бірлескен іс-шараларды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Бұл қауіпсіздік сабағының тағы бір ерекшелігі ¬¬– студенттердің қызығушылығы мен белсенділігі болды. Олар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтар қойып, қазіргі заманда кездесетін нақты қиындықтар мен қауіптер жайында пікір алмасты. Әсіресе, интернет алаяқтықтың түрлері, әлеуметтік желілердегі қауіптер, жолдағы қауіпсіздік ережелері бойынша нақты жағдайларды талқылау ерекше қызығушылық тудырды. Буллинг тақырыбы да ашық әрі шынайы түрде қарастырылып, жастар арасында толеранттылық пен құрметтің маңыздылығы атап көрсетілді.
Қазіргі таңда құқықтық сауаттылық тек қана заңдарды білу емес, ол заңға деген құрмет пен оны сақтау мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтарыңды қорғай білу, сондай-ақ басқа адамдардың құқын құрметтеу екенін түсіну маңызды. Жастардың бұл мәдениетті игеруі елдің тұрақты дамуы мен әлеуметтік қауіпсіздігінің негізі. Сондықтан осындай қауіпсіздік сабақтарының өткізілуі олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
Еліміздің заңдары мен мемлекеттік бағдарламалары жастардың құқықтық сауатын көтеруге бағытталған. Соның аясында полиция қызметкерлері мен педагогтер арасындағы тығыз ынтымақтастық орнап, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық тәрбие беру жүйесі жетілдірілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар республика бойынша кең көлемде жүргізіліп келеді, ал Шымкент жоғары педагогикалық колледжіндегі осындай сабақтар соның айқын дәлелі.
Құқықтық сауаттылықтың артуы қоғамдағы әділеттіліктің, құқықтық тәртіптің және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Әсіресе, студент жастардың құқықтық білімін арттыру арқылы келешек ұрпақтың құқықтық мәдениеті нығая түседі, бұл өз кезегінде қоғамның дамуына оң әсерін тигізеді. Мұндай іс-шаралар жастарға өздерінің құқықтары мен міндеттерін түсінуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысуға мүмкіндік береді.
Полицияның жас ұрпақпен осындай тығыз қарым-қатынас орнатуы заманауи құқық қорғау жүйесінің негізі. Бұл жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда үлкен роль атқара отырып, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Қоғамның құқықтық сауаттылығы артқан сайын, құқық бұзушылықтардың төмендеуі, азаматтардың өз құқықтарын белсенді қорғауы байқалады.
Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде өткізілген қауіпсіздік сабағы құқықтық сауаттылықты арттырудағы маңызды қадам. Мұндай іс-шаралар жастарды заманауи қауіптерден сақтандыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Полиция мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде студенттер құқықтық тұрғыдан сауатты әрі қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан азаматтар болып қалыптасуда.
¬– Қоғамның құқықтық деңгейі тек заңдардың қаталдығымен емес, сол заңдарды түсінетін және құрметтейтін азаматтармен өлшенеді. Бүгінгі шара біз үшін де, жастар үшін де үлкен мүмкіндік болды. Себебі құқықтық білім беру біржақты түсіндіру емес, екіжақты диалог арқылы жүзеге асқанда ғана шынайы нәтиже береді. Студенттердің ашықтық танытып, еркін сұрақтар қоюы, күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайларды ортаға салуы олардың құқықтық мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл біз үшін үлкен үміт. Себебі заңға бағынатын, қауіпсіздікке мән беретін, өз құқығы мен өзгенің құқығын құрметтейтін ұрпақ еліміздің болашағының кепілі. Біз бұл кездесуді бір реттік акция емес, тұрақты білім беру мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолындағы бастама ретінде қарастырамыз. Жастармен осындай ашық диалогтар жиі өтуі тиіс. Себебі олар тек тыңдаушы емес, қоғамдағы өзгерістердің белсенді қатысушысы. Полицияның міндеті тек тәртіп бұзғанды жазалау емес, ең алдымен тәртіп бұзушылықтың алдын алу. Ал алдын алудың ең тиімді жолы, құқықтық сауаттылықты арттыру, түсіндіру, үйрету және сенім орнату. Біз жастарға сенеміз және олардың әрқайсысы қоғам қауіпсіздігіне өз үлесін қоса алады деп білеміз. Сондықтан құқықтық сауаттылыққа бағытталған мұндай шаралар жалғасады және кең ауқымда жүргізіле береді. Бастысы, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруды үйде де қолға алу қажет. Біз осылайша құқықтық сауатты мемлекетке айналамыз», – деді Мұрат Қанатұлы.
Иә, мамандардың сөзіне сенсек, Қазақстанның құқықтық мәдениетін жетілдіру, жастардың құқықтық білімін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін түсініп, заңды құрметтейтін және сақтайтын қоғам ғана өркениетті әрі тұрақты дамитындығы сөзсіз. Сол себепті осындай білім беру мен құқықтық тәрбие шараларының маңызы зор әрі өзекті болып қала береді.
Осы орайда Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде өткен қауіпсіздік сабағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды әрі сәтті бастамалардың бірі болды дей аламыз. Мұндай іс-шаралар жастарға тек теориялық білім беріп қана қоймай, оларды шынайы өмірлік жағдайларға дайындайды, заңды түсініп, оны құрметтеуге үйретеді. Қазіргі заманның сын-қатерлері, соның ішінде интернет алаяқтық, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен әлеуметтік ортадағы буллинг мәселесі күн санап өзектеніп келеді. Бұл проблемаларды тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес оған әрбір азаматтың, әсіресе жастардың саналы қатысуы қажет. Құқықтық сауатты болу – ортақ тәртіпке үлес қосу, жауапкершілікпен әрекет ету. Осындай тәрбие мен көзқарас бала кезден, мектеп пен колледж қабырғасынан басталуы тиіс. Полиция мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы осы жолда нақты нәтижелерге жеткізетін пәрменді құралға айналып отыр. Бүгінгі студент ертеңгі қоғам мүшесі, маман, ата-ана, көшбасшы. Сондықтан оның бойында құқықтық мәдениет пен қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру ел болашағының негізін қалау деген сөз.
Бұл сабақ бір ғана колледждің аумағындағы шара емес. Бұл бүкіл қоғамға бағытталған үндеу. Заңды сақтау әркімнің борышы, ал оны түсініп, құрметпен қабылдау нағыз азаматтық қасиет. Болашақта мұндай қауіпсіздік сабақтары мен құқықтық түсіндіру жұмыстары басқа оқу орындарында да жүйелі түрде өткізіле бермек. Себебі жастардың құқықтық сауаттылығы тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл елдің қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін фактор. Жастармен жүргізілген ашық диалог, тәжірибелік кеңестер, шынайы мысалдар арқылы жеткізілген ақпарат оларды ойландырды, бейжай қалдырмады. Бұл нәтижелі жұмыстың алғашқы көрінісі. Ендігі міндет осы бастаманы тоқтатпай, кеңейтіп, әр өңірде, әр оқу орнында жалғастыру. Қоғам қауіпсіздігі мен заң үстемдігі жолында мұндай серіктестік пен түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.
Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді, жүйелі түрде жүзеге асатын үдеріс. Және ол қоғамның әрбір мүшесінен – ұстаздан, тәртіп сақшысынан, ата-анадан, ең бастысы жастардың өзінен белсенділік пен ынта күтеді. Осындай бағыттағы әрбір нақты қадам құқықтық мемлекетке апарар сенімді жолдың бір бөлігі.
Аида ӨТЕП




