Түркістандықтардың әл-ауқаты артады

Қысқаша

Түркістандықтардың әл-ауқаты артады

18.jpg

Келесі жылы 1 қаңтардан бастап Түркістан облысындағы 88 кәсіпорында айлық жалақы көтеріледі. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: "Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек", деген болатын.

Осыған байланысты, облыс әкімі Түркістан облысында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.  

– Жолдауға сай біздің өңірде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы айтатын болсақ. Алдымен, облыстағы кәсіпорын басшылары ең төмен жалақыны көтеру мәселесін қолдайтынын білдіріп, іске кірісті. Бүгінгі таңға облыс аумағында 9798 кәсіпорыны бар. Ең төменгі жалақыны көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әзірге 88 кәсіпорынында жалақыны 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеруге келісті. Бұл тағы да көбейеді, – деді әкім.

Нәтижесінде, Түркістан халқының әл-ауқаты артып, бәсекеге қабілетті болады.