«Жануарлар әлемі – Қазақстанның қазынасы

Қысқаша

Туған жердің табиғатын қорғау – елдің болашағы үшін айрықша мәнге ие маңызды іс.

   1.jpgТуған жердің табиғатын қорғау – елдің болашағы үшін айрықша мәнге ие маңызды іс. Түркістан облысында сүтқоректілер мен құстардың, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрі мекендейді. Облыс аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген 122 жануардың 77 түрі кездеседі. Кезінде даланы еркін кезіп жүрген ақбөкендер, тау ешкілер, су құстары дуадақ пен ақтырнаны қазір кездестіру қиын.  Елімізде сирек кездесетін аң-құстардың санын көбейту мақсатында жүйелі шаралар атқарлуда.

 Мәселен, биыл өңірде Қызыл кітапқа енгізілген 30 бұқар бұғысы питомниктен еркіндікке жіберілді. Олар әлі де болса қоршаудың ішінде өмір сүргенімен, ондағы жағдайлар жануарлардың табиғи ортасына жақын. Бұғылар толық бейімделгенше оларды қосымша қоректендіріледі.  Жануарлар  бейнекамералардың көмегімен тәулік бойы бақылануда.  Ал Түркістан маңындағы питомниктің аумағында 24 бұғы қалды. Бұл еліміздегі бұқар бұғысының популяциясын қалпына келтірумен айналысатын жалғыз питомник. Осыдан 13 жыл бұрын 320 га аумаққа 7 бұғы қоныстандырылған болатын. 

Осы екілді жобалардың өңірдегі жануарлар әлемінің сақталуына ерекше үлес қосады. Аң-құстарды шектен тыс ату мен аулаудың салдары табиғатқа қауіп төндіретінін  қоғамның әр мүшесі ұмытпағаны жөн. Туған өлкенің табиғатын қадірлеп, жануарлар әлемін қорғау әрбір азаматтың борышы.