Архив ғимаратының мәселесі оң шешілді

Қысқаша

Архив ғимаратының мәселесі оң шешілді

Төлеби және Қазығұрт аудандық архив ғимараттарының өте мүшкіл халі мәселесін қозғап "Amanat" партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің қатысуымен өткен екі ай бұрынғы сессияда мәселе көтерген болатынмын.

Screenshot_4.jpg

«Өткенді тапаншамен атқанды болашақ зеңбірекпен қарсы алады» деген қанатты сөзді келтіре отырып, нешеме жылдан бері сақталып келген тарихи құжаттардың тоз-тозы шығып бүлініп жатқанын тілге тиек еттім. Қирап құлаудың аз-ақ алдында тұрған архив ғимараттары мәселесі оңтайлы шешілетін болды. Бүгін өткен сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясында Төлеби мен Қазығұрт аудандарындағы архив

мекемелеріне жаңа ғимарат сатып алуға әрқайсысына 150 миллион теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Ғалымжан Елшібай, 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты