
Елімізде
 мектепті 1999 жылы бітірген түлектер өздерінің 20 жылдық кездесулері 
қарсаңында ізгілікті істерді қолға алып, көмекке мұқтаж отбасыларға 
тұрғын үй әперіп, қуанышқа бөлеп жатқанын көріп жүрміз. Соның бірі – 
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы көпбалалы 
Өмірзақова Ақбаланың отбасы баспаналы болды. 
Пәтерден пәтерге көшіп,
 жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға 
сыныптастары – 1999 жылы мектепті бітірген 20 жылдық түлектер Шақпақ 
ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, қуанышқа кенелтті. Сонымен 
қатар өздерінің көпбалалы сыныптас Өмірзақова Ақбаланың үйіне көрімдік 
ретінде тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар (кілем, ыдыс- аяқтар) 
алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.
Баспаналы 
болған Ақбала сыныптастарына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. 
Айта кетерлік жайт, Өмірзақова Ақбаланың жолдасы ерте қайтыс болған. 
Төрт ұл-қызы бар. Үлкені 8 сыныпта, кішісі дайындықта оқиды.
Жалпы 
Бәйдібек ауданында туған жерді түлетуге атсалысып, қайырымдылық жасап 
жатқан азаматтар жетерлік. Осындай қайырымдылық шаралар тоқтап қалмай 
жалғасын табуда.

