
Төрағаның айтуынша, Рысқалиевтер Еуропадағы Андорраға 14 миллион,  Швейцарияға 90 миллион долларды алып кеткен. Экс-әкім шетелге бұдан да көп қаржы әкетуі мүмкін екен. Құзырлы органдар дер кезінде оның жолын кескен. Ағайындылардан 3 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленген. Бір ғана  Атырау облысы мен Ақтөбе облысында орналасқан жылжымайтын мүліктердің саны  170-ке жеткен.
-Кінәлі азаматтардан заңсыз келісімшарттардың негізінде түскен 12 миллиард теңге тәркіленді, - деді Сөнтаев баспасөз мәслихатында.
2019 жылдың қаңтарында сот үкімімен Бергей Рысқали 17 жылға, Аманжан Рысқали 16 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ағайындылар 2012 жылы Қазақстаннан қашып кетті.
БАҚ-та жаияланған кейбір мәліметтерге қарағанда, Бергей Рысқали Ұлыбританиядан саяси босқын мәртебесін алған.
Рейтинг газеті

