«Тұлпар күні» ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі пысықталады – Үкімет басшысы

Қысқаша

30 маманы марапатталды.

image.png

«Тұлпар күні» арнайы ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі қосымша пысықталады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

- «Тұлпар күні» арнайы мерекесін бекітуге келетін болсақ, тиісті нормативке маусым айының екінші жексенбісі кәсіби мереке – Малшылар күні ретінде белгіленгенін хабарлаймыз. Аталған мереке жылқы шаруашылығы саласының мамандарын қоса алғанда, мал шаруашылығы саласының барлық қызметкерін қамтиды. Биыл осы мереке аясында саланың шамамен 200 қызметкері, оның ішінде жылқы шаруашылығының 30 маманы марапатталды.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының шешіміне сәйкес, 11 шілде күні ұйымға мүше мемлекеттерде Дүниежүзілік жылқы күні атап өтіледі. Осыған байланысты «Тұлпар күні» арнайы ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі қосымша пысықталатын болады, - деді Олжас Бектенов.