Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

- Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 
          


