Мемлекеттік аудит нәтижесі маусымның соңында шығады. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлім етті.
- Иә, қазір Жоғары аудиторлық палата Самұрық-Қазына қорының қызметіне мемлекеттік аудит жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс маусымның соңында аяқталады. Нәтижесін Жоғары аудиторлық палата Үкімет пен Парламентке жолдайды, - деп қысқа қайырды Нұрлан Жақыпов қорда өткен брифингіде.
Сондай-ақ қор басшысы аудит нәтижесіне қатысты қосымша ақпарат берілетінін мәлім етті.
Бұған дейін қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» жалпы ішкі өнімнің 50-60 пайызын құрайды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Кеше ғана Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Премьер-министрдің атына сауал жолдап, «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстан экономикасының драйвері емес, тежеуіші деп сынаған еді.
Айта кетейік, Үкімет басшысы Олжас Бектенов Самұрық-Қазынаның отандық өндірушілерден тауар сатып алу көрсеткішін сынады.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы күшіне енген үкімет қаулысының қордың дивидент саясатына қалай әсер ететінін туралы түсініктеме берді.
Одан бөлек «Самұрық-Қазына» 177 млрд теңгенің тауары мен қызметін шетелдік жеткізушілерден «бір көзден» сатып алғаны туралы жазған едік.