Әл-Фараби ауданында жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

Қысқаша

Әл-Фараби ауданында жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде



Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 пайызды құрады

image.png

Аудан аумағында 404 көшенің 103-і толық жарықпен қамтылса, 301 көше жарықтандыруды қажет етеді. Сондай-ақ, 400 ауланың 393-і жарықтандырылса,  7 аула жарықтандыруды қажет етеді.

Биылғы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына сәйкес ауданда Жабай ата көшесі, Жұлдыз көшесі, Тәжібай ата көшесі,  Баянауыл көшесі, Көктөбе көшесі, Дәулетұлы көшесі, Ақжайық шағынауданындағы  Ақжелең көшесі, Жабаев көшесі жарықтандырылды.

Нәтижесінде жыл соңында Әл-фараби ауданындағы жарықтандырылған көшелер 31,9% құрайтын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы