Білім мен ғылымның үздігі

Қысқаша

Білім мен ғылымның үздігі



Ұстаз – мектептің жүрегі. Өз мамандығының шебері, қажырлы еңбекте аянбайтын шымкенттік ұстаз Ақмарал Сайфутдинова «Үздік ұстаз – 2021» байқауының қалалық кезіңінде озық шыққан 21 педагогтың қатарында. 

image.png

Ақмарал Сайдсламқызы алғышқы еңбек жолын 1998 жылы қаладағы №86 мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Міне 23 жылдан бері осы мектепте қызмет атқарып, жас ұрпаққа шет тілін үйретіп келеді. 

Білікті ұстаз үнемі жаңашылдыққа қарай талпынады. Педагогика ғылымының магистрі ретінде өзінің сабақ беру барысында әр оқушының бойында жаңа дарынды ашуға тырысады. 

Ғылыми зерттеу дағдысына бейім мұғалім «Жылдың үздік 100 мұғалімі» жобасына қатысып, өзінің біліктілігін жоғары көрсеткен. Ел көлемінде өткен «Үздік ғылыми жоба» байқауында қорғаған жобасы жоғары бағаланып, Гран-при иегері болды.

А.Сайфутдинованың 7 шәкірті  республикалық, 5 шәкірті халықаралық ғылыми байқауға қатысып, жүлделі І, ІІ орын алған. Одан өзге 15 оқушысы республикалық, 10 оқушысы халықаралық олимпиада жеңімпазы атанды. 

Оның ағылшын тіліндегі авторлық бағдарламалары білім беруде методикалық қолданба ретінде қолданысқа енгізілген. 

АҚШ-та өткен «Наука в современном информационном обществе» атты V ғылыми конференцияда құнды баяндама ұсынып, «Қазақстан педагогтерінің 100 үздік мақаласы: білім, ғылым, әдістеме» республикалық конкурсының «Үздік Мақала» номинациясы бойынша ең үздігі болды. 

Қалалық білім басқармасы ұйымдастырған «Жылдың үздік авторы – 2021» атты шығармашылық байқауының жеңімпаз атанды. 

 Ақмарал Сайдсламқызы  білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және осы салада жеткізген табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрі  А.Аймағанбетовтың «Құрмет грамотасы» табысталған. 

Шымкен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі