Жастар өңір тарихымен танысты

Қысқаша

Жастар өңір тарихымен танысты

10.jpg

Өз елінің тарихын оқып, бойына сіңірген жас ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Осыған орай, бүгін Халықаралық студенттер күніне орай өтетін «Тәуелсіздік-тірегім, Түркістаным-жүрегім!» атты республикалық жастар форумына қатысатын қонақтар Отырар ауданына келіп, шежірелі көне тарихымен танысты. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында аудан әкімі Ерлан Айтаханов:

– Жасампаз елдің жастарына қай уақытта да үлкен сеніммен қараған Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің келешегі білімді жастардың қолында екенін айтып, келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Сондай-ақ, ұлттың кемел келешегіне, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет - сананың түзу жолмен қалыптасуы мен білімділік, жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән. Бүгінгі шара да Елбасының салиқалы саясатын жүзеге асыру бағытында өтіп жатқан шаралардың бірі. Шындығында қазақ елінің білімді жастары мемлекетімізді қашан да қияға жетелері Һақ, – деп, форумға қатысатын белсенді жастарға сәттілік тіледі. 

Жастар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен «Отырар төбеге» барып, топырақ астына көмілген ежелгі Отырар қаласының тарихынан сыр шертетін қарт жәдігерлермен және бай мұралармен танысты. Одан әрі Арыстанбаб баба жатқан кесенеге барып зиярат жасаған жастар сапарларын түркі әлемінің рухани астанасы болған Түркістан қаласына жалғады. 

Жалпы, өңірлік жастар форумының басты мақсаты – жастардың бойында коммуникативтілікті арттыру, командада жұмыс істей білу, сыни ойлау, ораторлық қасиеттерін дамытып, жастарға Түркістан өңірінің тарихын тереңінен таныту болып табылады.