Түркістанда жаңа су қоймасы салынады

Қысқаша

Түркістанда жаңа су қоймасы салынады

Түркістан облысы – аграрлы салада республикада өзіндік орнын нықтап алған. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін ең бірінші кезекте су қоры керек. Жерге егілген егінді суғару – ең басты мәселе. Сол үшін су қорын жасақтап алған жөн. Сонымен қатар, жаңа облыс орталығы болып жатқан Түркістан қаласында адам саны көбейіп жатқан соң, ауыз суға деген сұраныс артады. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету керек. 

Осыған орай, Түркістан облысында «Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймалардағы су қорын тиімді пайдалану керек. Шардара қаласы маңынан тағы бір суқойма салып, артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерге айналдыру қажет. Сондай-ақ, Түркістан қаласының облыс орталығы болуына орай су қажеттілігі артады. Осыған байланысты Сырдария өзені бойынан жаңа суқойма салу бойынша құжаттарды әзірлеп,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауымыз тиіс. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс әкімдігінде өткен жиында мәлімдеді. 

Сондай-ақ, мәжілісте Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н.Жүнісов суқоймалардың қауіпсіздігі қадағаланып отырғандығын жеткізіп, 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған жұмыстар әзірленгендігін айтты. 

– Облыс аумағында қыс мезгілі жыл сайын автомобиль жолдарында күрделі болып өтеді. Осы асулардың республикалық маңызы жолдарында 7, облыстық маңызы бар жолдарда 4 жылыту бекеттері орналасқан. Облыстық Азаматтық қорғаудың авариялық және шұғыл қызметтері арасындағы өзара ақпараттық іс-қимылын реттейтін құжаттарға түзетулер енгізіліп, пысықталды, – деді Нұрғали Жүнісов.