Полиция қызметкерлері діни білімдерін жетілдірді

Қысқаша

Полиция қызметкерлері діни білімдерін жетілдірді

11.jpg

Кереғар діни ағымдармен күресте – полиция қызметкерлерінің алар орны ерекше. Олар еш демалыссыз, дамылсыз ел қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Міне, полиция қызметкерлері үздіксіз білімін жетілдіріп отыру керек. Себебі, керағар діни ағым мүшелері заман ағымына ілесе отырып, өздерінің жоспарларын асыру тактикаларын үздіксіз өзгертіп отырады. Полиция қызметкерлері содарлардың әдіс-тәсілін зерттеп, олардың пиғылдарын біліп отырғандары абзал. 

Осыған орай, бүгін Түркістан облысының МКҚБ ММ І-полиция батальоны жеке құрам қызметкерлеріне «кереғар ағымдар, суицид, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және жол бермеу» тақырыптары аясында семинар-тренинг өткізілді.

Кездесуге МҚКБ ММ І-полиция батальонының басшысы Ж.Бертаев және Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы, теолог маманы К.Рысбеков баяндама жасады. Баяндама барысында қазіргі таңда, қоршаған орта, қоғамымызда орын алып жатқан әлеуметтік желілерде кеңінен таралып отырған «кереғар ағымдар, суицид, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және жол бермеу» т.б тақырыптар төңірегінде жан-жақты психологиялық, теологиялық тұрғыдан толыққанды мәліметтер беріліп өтілді.

Мұндай әрекеттерге еріп кетулерінің басты бірден бір себебі, сырттан келіп жатқан әртүрлі ақпарат құралдарының көздеріне сергектік танытып, жан-жақты ұшқыр зерделеп, қабылдамағанның салдарынан болып жатқандығы сондайақ соқыр сенімнің соңынан ере бермей, елімізде рұхсат етілген имамдардан, рұхсат етілген діни мазмұндағы әдебиеттерді оқуға кеңес берілді.

Кездесу соңында МКҚБ ММ І-полиция батальоны жеке құрам қызметкерлерінің көкейкесті сұрақтарына теолог маманы ретінде толықтай жан-жақты мысалдар келтіре отырып, қанағаттанарлықтай мәліметтер беріліп өтті.