"Әзірет сұлтан" қорық-музейі туристерді көптеп тартпақ

Қысқаша

"Әзірет сұлтан" қорық-музейі туристерді көптеп тартпақ

1540387914417826.jpg

Жақында Түркістан облысының әкімі Елбасы Жолдауын талқылау кезінде Әмір Темірге алғыс айтқан болатын. Себебі, ӘМір Темірдің салдырған «Әзірет Сұлтан» кесенесін көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылады.  

Міне, жақында осы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасының соңғы Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. 

Музей ұжымының ұйымдастыруымен өткен басқосуға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, ф.ғ.д. Бекжігіт Сердәлі, С.Ерубаев атындағы музейдің меңгерушісі Ақсүмбе Бостанов, қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Пернетай Досыбеков бастаған зиялы қауым өкілдері және қорық-музей қызметкерлері қатысты.  

– Елбасы биылғы Жолдауында елімізді дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған тың бастамаларды ұсынған болатын. Соның ішінде, өздеріңізге белгілі туризм саласын жандандыру туралы да айтылды. Сондықтан Түркістан туризмін дамыту үшін жоспарлы бағытта жұмыс жасай береміз. Туристтерді Қ.А.Ясауи кесенесі мен оның маңындағы «Шығыс моншасы», «көне Күлтөбе қалашығы», «Есім хан сағанасы» сынды тарихи жәдігерлерге зиярат етіп, саяхат жасауларына жағдай жасау үшін жаңа жобаларды іске асырмақпыз. Яғни, қорық-музейдің бес жылға арналған тұжырымдамасы жасалынды, - деді қорық-музейдің директоры Нұрболат Ахметжанов. 

Мұражайдың 2018-2022 жылдарға арналған концепциясында өзге өңірлердегі мұражайлармен байланыс орнатып, онда келетін туристер мен қонақтарды Түркістан облысы аумағындағы тарихи орындармен таныстыру бағытында жұмыс жасау көзделген.

Жиынға қатысушылар шара соңында музейдің тұжырымдамасына оң баға беріп, Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда толайым табыстарға жете беруге тілектестік білдірді.