Депутат кодекстің 84-бабы мен 86-бабы да өзгеріссіз көшірілгенін сынады.

Қысқаша

Депутат кодекстің 84-бабы мен 86-бабы да өзгеріссіз көшірілгенін сынады.

Мәжілісте депутаты Бақытжан Базарбек Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин таныстырған Құрылыс кодексінің жобасын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Сіздердің фактілерге сенгендеріңізді қалаймын. Мен бұл заң жобасын бастан-аяқ зерттеп шықтым. Сұрақтар бұрынғысынан да көбейді. Мысалы, кодекстің 78-бабы заңның бірінші нұсқасынан көшірілген лоббистік норма. Онда ПДП жылына екі рет түзетіледі. Қоғам оған наразы болған. Құрылыс кодексінде осы түзеле ме десек, Тимур мырза оны алады да, өзгеріссіз қалдырады, - деді депутат.

Ол осы мәселе үшін Алматыда митинг болып жатқанын атап өтті.

83-бапты қарасаңыз, функционалдық аумақ туралы. Тау бөктері көшкін жүруі мүмкін орын ретінде қаншама рет ескертілген. Ескі заңнан ол да көшірілген. Ескі заңдағы лоббистерді қорғайтын нормалар жаңа кодекске көшірілген. Бітті, - деді Бақытжан Базарбек.

Депутат кодекстің 84-бабы мен 86-бабы да өзгеріссіз көшірілгенін сынады.

Жақында көшкін салдарынан Алматыда бір отбасы түгелдей көз жұмды. Сол үйлер тұрған аумақ жалпы қоғамдық орын саналатын. Қоғамдық орындарда құрылыс жүргізбейтін шығар деп ғылыми орта үміттенген. 86-бап болса құрылысшылардың мүддесі үшін қалып отыр. 87-бапта рекрациялық аймақтар туралы айтылады. Құрылысшылар рекреациялық аумақтарды отап, үй салады. 87-бап сол күйі көшірілген. Мұндай заңды оныншы сыныптың оқушысы да жаза алады, бірінші курс студенті дейікші жарайды. Бұл – реферат, курстық жұмыс, – деді Базарбек.

Депутат сөз соңында заң жобасына 200 беттік ақ қағаз деп те баға берді. Ал сөзінің басында құрылыс кодексі жобасында ешқандай жаңалық жоқ екенін айтқан болатын.

Алдымыздағы Құрылыс кодексінің жобасы 177 бет, 34 бөлім, 200 баптан тұрады. Министрліктің қосқаны бар болғаны 3-4 бөлім ғана. Қалғандары Сәулет, қала құрылысы туралы заң, Жеке тұрғын үй құрылысы туралы заң және үлестік қатысу. Бұл заң жобасында ешқандай жаңалық жоқ. Басқаша айтқанда 3 заңды қосып-қосып бір заң ретінде кіргізе салған, - деді ол.