Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша өсім байқалады

Қысқаша

Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша өсім байқалады



Биыл 11 айда елімізде құрылыс саласына инвестиция тарту 2,1 есеге артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндады. 

image.png

Министрдің айтуынша, инвестициялар құрылыс саласында – 2,1 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 50,5, ауыл шаруашылығында – 40,5, саудада – 34,2, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 18,6 және қаржы саласында 14,2 пайызға өскен. 

«Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Павлодар облыстарында байқалуда»,- деді. Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 7 өңірде – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сонымен бірге Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелгенін мәлімдеді. 

Атап айтсақ, Шымкентте 11 айда өндіруші салалардағы инвестициялық белсенділік 55,2 пайызға артқан. Тұрғын үйді пайдалануға беру де 63,6 пайызға өскен. Бұл екі санат бойынша Шымкент республикада көш бастап тұр. Ал, құрылыс секторында өсу қарқыны бойынша алғашқы бестікте. 

Шымкент қаласы үшінші мегаполис атанғалы көптеген салада жетістіктерге жетуде. Бүгінде қалада индустриалды аймақтарда көптеген кәсіпорындар жұмыс істеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге. Бұл өз кезегінде қала экономикасының артуына зор үлесін қосуда.