«Жас толқынның қайсар рухы» тақырыбында кеш болып өтті

Қысқаша

«Жас толқынның қайсар рухы» тақырыбында кеш болып өтті

image.png

Елімізге тәуелсіздік сыйлап, егемендікке қол жеткізіп, азаттық алып берген - «Желтоқсан көтерілісі». «Желтоқсан - 1986» - 1731 жылдан басталған ұлт-азаттық қозғалыстың құрамды бөлігі, оның азаттық пен бостандыққа апаратын ұзақ жолының биік бір белесі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған Шымкент қаласы әкімідігі ұйымдастырған "Жұлдызды 30 күн" мерекелік іс-шаралар жоспарына сай  Қазақ елінің тарихында  алтын әріптермен жазылған қазақтың рухты жастарының есімін дәріптеу мақсатында Абай атындағы ОККЖ мен Жастар Орталығымен бірлескен М.Маметова атындағы  №35 ЖОББМ оқушыларының Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Жас толқынның қайсар рухы» тақырыбындағы кеші болып өтті.Бұл кешке сол кездегі ызғарлы желтоқсанның қасіретін сезініп, куә болған, қатал саясаттың шарпуына оранған   «Желтоқсаншы ағалар » - Қайрат Әшіров және Мұрат Шекербеков  қонақ ретінде шақырылды. Қалтарыс сәтте ерліктері ескерусіз қалып қоятын бүгінгі күннің батырлары , сол кездегі оқиғалар туралы тебірене әңгімелеп берді және оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, әңгіме өрбітті. 

Өз тараптарынан қалыс қалмаған жастар да кеш қонақтарына арнап ән- күйлерін және өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. Аталмыш тақырыпты аша түсу мақсатында кітап көрмесі қойылып , кітаптар мен мақалалар тізбесі таныстырылды. Кеш танымды, әсерлі өтіп ,кеш соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.