Қоқысты бөлеу жинау мәдениетін қалыптастыру керек.

Қысқаша

​Тұрмыстық қалдықтар – қоршаған ортаны ластаушы негізгі көздердің бірі. Қоқысты беталды тастау - еліміздің экологиясына үлкен зиянын тигізетін құбылыс. Жылдар бойы полигондарға жинақталған тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға үлкен зардап әкеледі.

6.JPGТұрмыстық қалдықтар – қоршаған ортаны ластаушы негізгі көздердің бірі. Қоқысты беталды тастау - еліміздің экологиясына үлкен зиянын тигізетін құбылыс. Жылдар бойы полигондарға жинақталған тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға үлкен зардап әкеледі.

Әр тұрғын жылына орта есеппен  500 килограмға жуық қалдық шығарады. Бүгінгі таңда еліміздегі тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігі алдын-ала сұрыпталмай, қоқыс алаңдарына тасталады.  Ал полигондардағы қоқыс өртенген кезде атмосфераға көп мөлшерде улы заттарды шығарылады.  Ол жаңбыр суымен араласқан соң  жер асты суларын да ластайды. 

Нәтижесінде тұрғындардың ластанған ауыз  суды тұтыну қаупі туындайды. Ауыр металдар мен диоксиндер ауа арқылы адамның  ағзасын да улайды. 

Мұны болдырмау үшін әр тұрғын қоқысты бөліп жинауға дағдылануы қажет. Осы арқылы тұрмыстық қалдықтардың 80 пайызына дейін қайта өңдеп, экологияны жақсартуға және  табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашылады.

Елбасы   Жолдауында қалдықтарды қайта өңдеп, халық игiлiгiне жаратудың мағыздылығына айрықша  мән берілген. 

2019 жылдан бастап  елімізде алдын-ала өңдеу жұмыстарынсыз тұрмыстық қалдықтарды көмуге тыйым салынады.  Яғни, полигондарда     өрт қаупі жоғары қалдықтарды, сонымен қатар түсті және қара металл, шыны сынықтарын, литий және қорғасын-қышқыл батареяларын, электрондық және электр жабдықтарын;   тамақ  қалдықтарын және қоқыстың басқа түрлерін көмуге жол жоқ.  Қоқысты сұрыптау мен өңдеуден өткізу -  елдің болашағына деген қамқорлық екендігі  күмән тудырмайды.