Түркістанда рухани жиын өтті

Қысқаша

Түркістанда рухани жиын өтті

26.jpeg

Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен  Халықаралық Түркі Академиясы бірлесіп ұйымдастырды.  Сонымен қатар, Түркі  кеңесі мен Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  де қолдау  көрсетуде. Конференцияны өңір басшысы  Жансейіт Түймебаев ашты деп хабарлайды ontustik.gov.kz.

Жиын барсыныда «Түркі әлемінің киелі жерлері»,  «Түркі  дүниесінің  тұғырлы тұлғалары» және «Түркі тілдері және жазуы» тақырыптарындағы секциялық  отырыстары ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің VI саммитінде көтерген «Түркі дүниесінің  тұғырлы тұлғалары»  және «Түркі әлемінің киелі жерлері» бастамаларын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылған ғылыми басқосуда түркі дүниесінің ғылымы, мәдениеті мен әдебиеті, түркі тілдері, киелі жерлер мен  тұғырлы тұлғалары туралы айтылды. Конференцияға Қазақстандағы бірқатар шетел дипломаттары мен халықаралық ұйымдардың  өкілдері мен тарихшылары,  Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия  ғалымдары мен АҚШ, Ресей, Үндістан, Өзбекстан зерттеушілері қатысты.