Жемқорлықтың жарға жығатыны айтылды

Қысқаша

Жемқорлықтың жарға жығатыны айтылды

29.jpg

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Республика Президенті Н. Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Жорабеков Әбілқасым Жарылқасымұлы және аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аташев Айдарбек Умарбекұлының қатысуымен департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу жолдары бойынша жиналыс өткізілді.

Отырысты департамент басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы ашып, өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың ешқандай жағдайда жақсылыққа алып келмейтінін айтып өтті, Жорабеков Әбілқасым Жарылқасымұлы және Аташев Айдарбек Умарбекұлы да маман ретінде сыбайлас жемқорлықтың белгілері, оған алып баратын және күресу жолдарын түсіндірді.

Жиналыс барысында бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға мамандар тарапынан толық жауап берілді.