Қарағанды. Билік өкілдері жанжал кезінде көз жұмған жігіттің жақындарымен кездесті

Қысқаша

Бүгін 6 қаңтар 2019 жылы сағат 10.00-де Қарағандыда билік өкілдері «Древний Рим» мейрамханасында орын алған жанжал кезінде көз жұмған жігіттің жақындарымен кездесті.

8fa8501be958ca7f1d10a84ca2253702.png

Кездесу барысында тергеудің жүргізілуі жайлы түсініктемелер берілді.

Бұл уақытта Полиция департаментінің алдында ақпараттың хабарлануын күткен 200-230 адам жиналды.

Жиналғандардың алдында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сөз сөйлеп, тергеудің барысы жайлы және алдағы уақытта іске асырылатын шаралар туралы толық ақпарат берді. Әкім тергеу шараларының ҚР Бас прокурорының жеке бақылауына алынғандығын және барлық кінәлі тұлғалардың жазаланатынын қадап айтты.

Билік аталған процесстің обьективті және барынша ашық өтетініне уәде берді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіру және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда 8 қатысушы анықталды, оның 7-еуі тұтқынға алынды, 1-еуі халықаралық іздестіруге жарияланды.

Жанжал екі компания арасында болғанын және ұлтаралық сипат алмағанын хабарлаймыз.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жалған ақпарат тарату - бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, 7 жылға дейінбас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеміз.

Кездесу барысында ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта қалада және облыста жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілген жоқ.