Діни көшбасшылар жер бетіндегі бейбітшілік үшін дұға жасады

Қысқаша

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезіне қатысушылар Астанадағы Тәуелсіздік сарайы жанында орналасқан «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің қасында дұға жасау рәсімін өткізді

172.JPGХалықаралық мәдениеттер мен діндер орталығының директоры Айдар Әбуов меймандарға арнаған сөзінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ашылған «Бейбітшілік қабырғасы» Қазақстанның ядролық полигонды жапқанын ғана емес, төртінші ядролық әлеуеттен бас тартқанын айғақтайтынын еске салды. Монумент тарихтағы қайғылы оқиғалардың зардаптарын ұмытпай, жер жүзіндегі бейбітшілік пен ынтымақты қастерлеуге үндейді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің идеясы жобаның негізіне айналған болатын. Манифестің идеялық мазмұны Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің секциялық алғашқы отырысының негізгі тақырыбы болып табылады.

Жиналғандарға арнап Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының басшысы Серікбай қажы Ораз да сөз сөйледі.
Мұсылман, бірқатар христиан конфессияларының, буддизм, даосизм, зороастризм және басқа да діни нанымдардың өкілдері бар діни лидерлер Съезінің делегаттары жер жүзіндегі бейбітшілік үшін мінәжат етті.