Ислам діні медициналық көмекке қарсы емес

Қысқаша

Соңғы жылдары бүлдіршіндерге түрлі ауруларға қарсы екпе жасау денсаулыққа зиян деген алыпқашпа ақпарат көп тарап жатыр. Тіпті, бұл дәрі-дәрмек шығаратын ірі компаниялардың өз өнімін өткізу үшін міндеттеп жатқан шарасы деген де айтылады. Көп жағдайда діни

217.jpegСоңғы жылдары бүлдіршіндерге түрлі ауруларға қарсы екпе жасау денсаулыққа зиян деген алыпқашпа ақпарат көп тарап жатыр. Тіпті, бұл дәрі-дәрмек шығаратын ірі компаниялардың өз өнімін өткізу үшін міндеттеп жатқан шарасы деген де айтылады. Көп жағдайда діни сенім негізінде екпеге қарсы болатындар бар.

Бүгін Сайрам аудандық орталық ауруханасының нөмірі екінші емханасында дәрігерлермен кездесу өтті. Онда "Дін медициналық көмекке қарсы емес" тақырыбы аясында әңгіме өрбіді. Дәрігерлер екпеге қарсы болып жатқан ата-аналармен қалай жұмыс жүргізіп жатқанын, түсіндіретіндерін айтты. Сонымен бірге жиналысты жүргізген «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекмесінің теолог маманы Битанов Жангелді әлеуметтік желіде діни ақпарат аларда және таратуда аса мұқият болып, түрлі ағымдардың жетегіне еруден сақтануға шақырды. Дәрігерлердің қоғамдағы орны зор болғандықтан маман ретінде, ата-ана ретінде теріс діни ағымдардан айналасын қорғай жүруі жөнінде жан-жақты әңгіме болды.

Кездесу соңында медицина қызметкері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.