Мамыр айында ең төмен күнкөріс деңгейі 26 468 теңгені құрады

Қысқаша

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 3,4% жоғарылады, деп хабарлай

Мамыр айында ең төмен күнкөріс деңгейі 26 468 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 3,4% жоғарылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі stat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,3%, жемістер мен көкөністерді - 10,5%, нан және жарма өнімдерін - 7,3%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.