Әкiмдердi жергiлiктi халық сайлайтын болады – Әдiлет министрi

Қысқаша

Бүгiн Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Әдiлет министрi Марат Бекетаев ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау жүйесi енгізілетінін айтты. Әкімдердi жергілікті тұрғындар жалпыға бірдей тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.\«Мәслихат депутаттарын сайлау процесін жетілдіруге байланысты аудандық сайлау комиссияларын жою ұсынылады. Олардың қызметтері мен өкілеттіктері аумақтық сайлау комиссияларына беріледі. Ал, комиссия мүшелерi өз өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын болады», - деді Бекетаев баяндамасында.

Министрдiң айтуынша, сондай-ақ, жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасын интеграциялау арқылы сайлаушылар тізімiн құрастыру тәртібін қайта қарау ұсынылады. Бұл өз кезегiнде республикалық электрондық сайлаушылар тізімін қалыптастыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, заң жобасында сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешуге бағытталған түзетулер қарастырылған.