Саттарханов туралы сериал түсіріледі

Қысқаша

2019 жылы марқұм болған белгілі боксшы Бекзат Саттарханов туралы ғұмырналық телесериал жарық көреді.

41.jpg«Саттарханов туралы фильм екі тілде дыбысталмақ. Онда боксшының өмірбаяны мен үлкен спорттағы жеткен жетістіктері туралы баяндалады. Алдымен 5 бөлімнен тұратын сериал ретінде түсіру жоспарлануда, одан бөлек ғұмырнамалық толықметражды фильм түсіріледі. Қазіргі таңда марқұм болған боксшының ата-атасы және бапкерлері арасында келіссөздер болып жатыр. Фильмді танымал режиссер Мұрат Бидосов өз қолына алмақ», - дейді «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек.

Продюсер фильмнің көп бөлігі боксшының туған жері - Түркістан қаласында түсірілетінін және келер жылы жарыққа шығатынын айтты.