Түрікменстан президенті 520 мың еуроға көлік сатып алды

Қысқаша

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердимухамедов «Амуль-Хазар» раллиіне қатысу үшін Германиядан арнайы көлік сатып алған. Бұған Түрікменстанның мемлекеттік сатып алулар туралы деректері дәлел болады.

2.jpgТемір тұлпардың бағасы – 520 мың еуро.

Президент көлікті 7 маусымда сатып алған. Ал 19 маусымда Бердимухамедов пен баласы Сердар жарыс көлігін өзжерінің сызбалары бойынша «құрастырды». Президент құрастырған көлік 20 маусымда көпшілікке шығарылды.

Ал шілденің басында Түрікменстан басшысы көлікті сынап көрді. Бердимухамедов раллидің алдын ала жарысына Mini-Cooper-мен барды. Бірақ бұл көлік Германиядан әкелінген дәл сол арнайы авто ма, жоқ па белгісіз.